384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында көгілдір отынды күтіп жүргендер көп

  • 149
  • UPD: 19:35, 14.11.2019
Қостанай облысында көгілдір отынды күтіп жүргендер көп

Қостанай облысының 10 елді мекенін газбен қамту ету үшін қазынадан 4 миллиард 200 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Магистральды газ құбырының құрылысы үш жыл бұрын басталған. Жоспар бойынша Федоров ауданы мен Қашар кентіндегі 25 мың үйге отынның осы түрі жеткізілуі тиіс еді. Бірақ іс жүзінде тек 400 үй газға қосылған. Тіпті, магистральды газ құбыры жанап өтетін Рудный қаласы мен Қашар кентінде газ тарату желісінің жобалау-сметалық құжаттамасы әлі дайын емес. Сондықтан биыл қыста мұндағы қазандық көмірмен қыздырылады. Ал билік өкілдері бұл ұзақ уақытты талап ететін үлкен жоба деп ақталып, мәселенің шешімін келер жылға қалдырды. Бұл туралы есеп комитетінің отырысында облыс әкімінің орынбасары Марат Осапановтың өзі мәлімдеді.

Ерлан Спанов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

– Былтыр, жыл соңында біз бірінші кезеңін қостық. Екінші кезеңді биыл аяқтаймыз. Үшінші кезеңді келесі жылы. 1,5-2 жылдың ішінде халықтың бәрі газға қосылады.

Хабар 24 телеарнасы