Ал семейліктер қаладағы газ шаруашылығын бір жүйеге келтірмек, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл үшін арнайы коммуналдық кәсіпорын құрылады. Шаһарда қазір 271 газгольдер бар. Оның басым көпшілігі 30 жылдан бері мүлдем қолданылмаған. Бос жатыр. Тек 88 құрылғы істеп тұр. Мамандардың айтуынша, тағы 55 газгольдер жөндеуге келеді. Қалғаны іске жарамайды.
Светлана Зәуірбекова, қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:
– Бағалау жұмыстары аяқталды. Енді осы 55 құрылғының түпкілікті тағдырын тұрғындар өздері шешеді. Егер олар жөндеу жұмыстарына қарсы болмаса, қалалық әкімдік қалпына келтіру жұмыстарын қолға алады.