384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясы отырысында педагог мәртебесі талқыланды

  • 238
  • UPD: 21:44, 14.11.2019
Nur Otan партиясы отырысында педагог мәртебесі талқыланды

Алдағы бес жылда мұғалімдерді қолдауға 5 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Nur Otan партиясы құқықтық кеңес мүшелерінің кеңейтілген отырысында айтылды. Шараға педагог мәртебесі туралы заң жобасы өзек болды. Оны әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, жыл көлемінде 8000-нан аса ұсыныс-пікір қабылданған. Қатарында оқу жүктемесін 16 сағатқа азайту, жер телімдерін бөлу және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» дәрежесіне ие болған мұғалімдерге бір жолғы 2000 АЕК көлеміндегі төлем төлеу ұсынысы бар. Жалпы заң жобасын әзірлеуде 10 жаңа ұстаным қарастырылған. Мұғалімдердің сапалық құрамын арттыру үшін магистр дәрежесі барларға 10 АЕК көлемінде үстеме, ал балабақшаларда ең алдымен орын бөлу және басқа да әлеуметтік көмектер қарастырылады. Айта кетейік, билік партиясы мүшелерінің 30%-і педагогтар.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан заң жобасы бойынша 5 жылда жалақыны өсіру, ұстаздық шеберлік пен сынып жетекшілігі үшін үстемақы қосу, еңбек демалысы мен басқа да ынталандыруларды қамтитын 5,2 триллион теңге бөлінеді деп мөлшерленуде. Мұның барлығы Елбасы мен Президент саясатының сабақтастығының нәтижесі.

Хабар 24 телеарнасы