384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинау заңды ма?

  • 199
  • UPD: 08:44, 15.11.2019

Қараша айының коммуналдық төлемдері Алматы қаласының кейбір тұрғындары үшін тосын жаңалық болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі мұнда тағы бір төлемақы қосылған. Болашақта жасалатын күрделі жөндеу жұмыстары үшін осы бастан әр шаршы метріне 50 теңге 50 тиын көлемінде төлеуі керек.

Алматы қаласы Зерделі ықшамауданының тұрғындары, коммуналдық төлемақыға қосылған жаңа төлемақы қызметіне өз қарсылықтарын білдіріп отыр. Яғни мұнда күрделі жөндеу жұмыстарына шаршы метріне 50 теңге 50 тиын төлеу керек деп көрсетілген. Екі болмелі пәтер үшін бұл шамамен 4000 теңгеден асады екен.

Сержан Қасымов, «Зерделі» ықшам ауданының тұрғыны:

– Біз осы ауданда тұрып жатқанымызға 5 жыл болды. Бес жылда қанша рет ауысты. Сол бес жылда 3500 мыңнан айына төлеп жатырмыз. Оның барлығы қайда кетіп жатыр? Енді оған қосымша тағы 4000 теңге келіп тұр.

Еркебұлан Қалманов, «Зерделі» ықшам ауданының тұрғыны:

– Өзіміздің учаскесінің басшылары, әкімдіктен келіп түсіндіріп, жаңа тарифтерді енгізу керек еді. Бұлар халықпен жиналыс жасамай жатып, кіргізіп қойған.

Төлемақының келу себебі, «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңның 31-бабында бұл мәселе анық жазылған. Яғни тұрғындар кемінде 5 жыл пайдалануға берілген үйлерге есепшот ашып, сол үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін осылай ақша жинай бастайды. Ал оның құны айлық есептік көрсеткішінің 0, жүзден екі пайызына тең дейді коммуналдық тұрғын үй кооперативінің өкілдері.

Мақсат Садықов, «Facility management group» ЖШС әлеуметтік нысандар директоры:

– Тұрғын үй заңына байланысты 2017 жылы 11-мәжілістегі шешімді тұрғындар өздері қарап, 0,02 айлық көрсетікшке қараған кезде, 50 теңге 50 тиын болады. Оған ешқандай тұрғындардың рұқсаты да керек жоқ. Жиналыс ашудың да керегі жоқ. Ол заңда толыққанды жазылған.

Бір ескеретіні, бұл соманы тұрғындардың өздері өзгерте алады екен.

Мақсат Садықов, «Facility management group» ЖШС әлеуметтік нысандар директоры:

– Біздің тарапымыздан хаттама дайындап қойдық, өздерінің қалтасының шамасына байланысты сол белгіленген соманы немесе ұлғайтуға, кішірейтуге олар өздері жиналыс арқылы көпшілікпен шешеді. 1,5,10 теңге қылып қойса да болады.

Төлемақының бұл түрі пайдалануға берілгеніне кем дегенде 5 жыл болған барлық үйлерге белгіленеді. Себебі жаңа салынған үйлердің сапасы өте нашар, дейді мамандар.

Авторлары: Алуа Маханбет, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы