384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау аумағындағы 259 қоқыс үйіндісі тазартылады

  • 175
Атырау аумағындағы 259 қоқыс үйіндісі тазартылады

Атырау қаласы бойынша заңсыз жерге шоғырланған 259 қоқыс үйіндісі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда мыңдаған тонна тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналып қалған. Қоқыс үйінділері негізінен қала шетіндегі алаңқайлар мен көпір асты сияқты жерлерге төгілген. Бұл қала іргесіндегі тұрғындардың мазасын қашырып отыр. Олар «жабайы қоқыс үйінділерінің» иісі өз алдына, оған балалар барып, ауру жұқтыра ма деп те қауіптенеді. Осыған орай қалалық әкімдік арнайы техника бөліп, тазалауға кірісті. 

Аңсаған Сағынбаева, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Қазір бұл алаңдарды мүлдем жою, тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылып, жұмыс басталып кетті. 3 нүктенің өзінен 120 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы