384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 86 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүріп жатыр

  • 250
Жамбыл облысында 86 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүріп жатыр

Жамбыл облысында 36 мыңға тарта тұрғынның әлеуметтік мәртебесі анықталмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым көпшілігі тұрғылықты мекенжай бойынша медициналық ұйымдарда тіркеуде жоқ. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде бірқатар қиындық туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың медицина қызметкерлерімен кездесу барысында сөз болды. Мамандардың айтуынша, «Егер бұл тұрғындар әлеуметтік статусын қазірден айқындап, тіркеуден өтпесе, сақтандыру жүйесіндегі пакеттерден қағылатын көрінеді. Бүгінгі күнге дейін жергілікті тұрғындар медициналық сақтандыру қорына 6 миллиардтан астам теңге аударған. Бұдан кейін Үкіметтік жұмыс тобы мұғалімдермен және қоғам өкілдерімен кездесті. Елді мекендерді газдандыру, ауыз сумен қамту сияқты әлеуметтік мәселелер қозғалды. Қазір өңірде 86 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Үкімет мүшелері жастармен де кездесті. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Жұмысшы жастарға биыл біз ең кем дегенде 3 мың қызметтік жатақхана береміз. Желтоқсан айында бітіреміз. Біз оны қарастырып жатырмыз. Қойылған сұрақ өте дұрыс. Облыс орталықтарында да сондай жатақханалар салынуы керек. Қазір еріктілер бағдарламасына осыны жазуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы