Қазақстанда аяқ киім бағасы 9%-ға қымбаттады, деп хабарлады energyprom.kz.
Балаларға арналған аяқ киімнің бағасы айтарлықтай жоғарылағаны байқалады.
Елімізде балалар аяқ киімі 9,4%-ға қымбаттаған. Ерлерге арналған аяқ киім 8,6%-ға, ал әйелдер аяқ-киімі 8,2%-ға қымбаттады.
Бұл сегмент импортқа толықтай тәуелді болып отыр. Жергілікті өндіріс сұраныстың тек 2%-ын қамтамасыз етеді. Ал импорт бірден 23,9%-ға өсті.