380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қолына қару ұстаған жігіттің видеосын полиция тексеріп жатыр

  • 370
  • UPD: 12:17, 15.11.2019
Қолына қару ұстаған жігіттің видеосын полиция тексеріп жатыр

Қолына қару ұстаған астаналық азаматтың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Бейнежазбада жас жігіт «Астана – біздікі» деп бірнеше қару түрін көрсетеді. Арсеналда тапаншамен қатар бірнеше суық қару бар.

Олардың жалған, әлде шынайы қару екендігі әзірге белгісіз.

Елордалық полиция бұл бейнежазбаны өз назарына алды.

«Полиция бұл видеоға тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері кейінірек жарияланады», - деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы