384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының жартысынан астамы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады

  • 244
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының жартысынан астамы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақтөбе облыстық полиция департаменті кең ауқымды акция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың 20-ға жуық бөлігінде өткен шараға қоғамдық бірлестік өкілдері, оқу орындарының студенттері мен еріктілер қатысты. Олар көлік жүргізушілеріне жадынамалар таратып, жол бойында абай болуға шақырды. «Қауіпсіз сағат» деп аталған акцияның өткізілуі бекер емес. Себебі жыл басынан бері облыста тіркелген жол-көлік оқиғаларының жартысынан астамы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Соның салдарынан 11 адам қайтыс болған.

Айдос Құлжанов, облыстық пд жергілікті полиция қызметінің бөлімше басшысы:

– Жыл басынан бастап, жаяулардың қатысуымен 261 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Әркімнің жол үстінде балалары, ата-аналары, тума-туыстары бар екенін ескерткім келеді. Ешкімде олардан айырылып қалғысы келмейді. Сондықтан барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, оның ішінде жылдамдықты арттырмауға, жаяу жүру өткелінде жүргіншілерге жол беруге шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы