424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталды

  • 805
  • UPD: 20:44, 15.11.2019

Біздің ел ғарышкерлерді өз жерімізде даярлай бастайды.

Нақтыласақ, көп ұзамай іріктеудің алғашқы кезеңін, сосын медициналық тексерістерді өзімізде жүргізе бастаймыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы бұл саланы дамытуға Қазақстан ден қойғалы біраз болды. Айталық, жақында елордада Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл не нысан, қашан және қандай өнім шығарады?

Құрылысы осыдан бірнеше жыл бұрын аяқталуы тиіс Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені енді ғана пайдалануға берілді. Алайда оның қарқын алып, жұмыс істеуі үшін әлі біраз уақыт керек сынды. Ал, нысанның өз өнімдерін саудалауы үшін халықаралық сертификат қажет. «Алайда соған қарамастан жұмыс жүріп жатыр», дейді жауапты мекеме өкілдері. Мәселен, мына бөлшектер қазақстандық мамандардың қолынан шығыпты.

Қазбек Бақтыбеков, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ бөлім басшысы:

Кабельдік өнімдер өте маңызды. Олар радиация мен температуралық өзгерістерге төтеп беруі керек. Ғарышта температура 140 градус суық пен 70 градус ыстықтың аралығында құбылуы мүмкін. Сондықтан бұл біз тұрмыста пайдаланатын кабель емес, ғылыми негізі бар өнім.

Сертификатқа қол жеткен соң, бұл өнім сатылымға шығарылады. Ал әзірге күтуден басқа амал жоқ. Компания өкілдері саладағы бұдан басқа де жетістіктерді атады. Соның бірі – қоқыс жинаумен байланысты . 

Қазбек Бақтыбеков, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ бөлім басшысы:

- «Қазақстан ғарыш сапары» Қазақстандағы барлық қоқыс жиналған орындарды анықтап, деректерді жергілікті әкімшіліктерге жібереді. Мәселен, жақында Оңтүстік Қазақстанда осылай барлық қоқыс жинала бастады. Бұл ауқымды жұмыс.

Қалдық-қоқыс жиналған бұл орындарды жерді қашықтықтан зондтауға арналған 3 қазақстандық жерсерік анықтапты. Жалпы «ҚазЕоСАт-1», «Қаз ЕоСат-2» және «ҚазЭстиСаттан» келетін деректерді еліміздің бірқатар министрлігі пайдаланады. Мәселен, соңғы жылдары жиі айтылып жүрген игерілмеген жер аумақтары да жерсерік назарынан тыс қалмайды.

Ләйлә Таңат «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ бөлім басшысы:

- Биылдан бастап пилоттық жоба аясында ұтымды жерлерді ұтымды пайдалануға қатысты ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Бұл пилоттық жобаның нәтижесі бойынша Ақмола облысы бойынша 300 мың гектарға жуық пайдаланылмайтын жерлер анықталған.

Әзірге қанатқақты жоба Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асып жатыр. Тиімділігін көрсетсе, бүкіл аймақты қамтиды. Жалпы ғарыш – мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, қомақты қаражат бөлінетін саланың бірі. Оған Байқоңырдағы Назарбаев ұшу алаңының құрылысына 330 миллион доллар жоспарлануы дәлел.

Хабар 24 телеарнасы