384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ұлттық банкноттар көрмесі ұйымдастырылды

  • 163
  • UPD: 22:56, 15.11.2019
Қарағандыда ұлттық банкноттар көрмесі ұйымдастырылды

«Ұлттық валюта – Қазақстанның қазынасы». Қарағандыда осындай атаумен көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда көпшілік назарына музей қорынан алынған 40-тан астам нумизматикалық коллекция қойылды. Арасында осыдан 26 жыл бұрын шығарылған ең алғашқы төл теңгеміз бен 1000, 2000, 5000 және 10000 номиналдық естелік банкноттар да бар. Келушілер ел тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығына орай жарық көрген ақшаларды да көре алады. Бүгінде қарағандылық музей қорында 2,5 мың дана нумизматикалық коллекция бар.

Естеріңізге сала кетейік, 1993 жылы 15 қарашада тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің аумағында ұлттық валютаны енгізгу туралы Жарлыққа қой қойған болатын.

Динара Сәкімбай, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:

- Бұл көрмені біз жыл сайын ұйымдастырып отырамыз, әрине, жыл сайын жаңадан түскен банкноттар қойылып отырады.Сондықтан жастардың және музейге келушілердің қызығушылығын тудырады.

Хабар 24 телеарнасы