377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергетика экс-вице-министріне қатысты сот отырысы басталды

  • 227
  • UPD: 23:29, 15.11.2019
Энергетика экс-вице-министріне қатысты сот отырысы басталды

Энергетика экс вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, сот басталмай жатып қорғаушылар мен прокурорлар өзара келіспеушілік танытты. Отырыстың бірінші минуттарында-ақ адвокаттар прокурорлардың ауысуын талап еткен. Кейін тіпті «сот процесі тергеу жүрген Нұр-Сұлтан қаласында өтсін» деген өтінім берді.

Қорғаушылардың айтуынша, тергеу ісін астаналық прокурорлар жүргізген. Сондықтан сот отырысында «115 томдық айыптауды қарағандылық прокурорлар жүргізуі заңға қайшы», деп отыр. Айтуларынша, тергеудегі прокурорлар сотта да болуы керек. Қорғаушылар тергеу жағы істің 110 томын ғана бергенін айтады. Ал сотқа жеткені 115 том. Енді судья осы арыздарға байланысты шешім қабылдауы қажет.

Естеріңізге сала кетсек, Энергетика вице-министрі Антолий Шкарупа өткен жылдың қарашасында қамауға алынған. Онымен қоса, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорының төрағасы Қайсар Байдалы және кәсіпкер Ерлан Нәбиев те ұсталды. Оларға Саран қаласындағы тұрғын үйлерге жылу есептегіш құрылғыларға бөлінген бюджеттің 215 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылған.

Владимир Халюткин, қорғаушы:

- Есіл аудандық сотында қаралуын неге сұрап отырмыз. Өйткені қор үш жақтық қаржы лизингтік келісімшарттың аясында 215 млн теңгені төледі. Бұл іс бойынша кім жәбірленуші болып табылады? Қордың иегері қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық орталығы ма? Ол қай қалада орналасқан? Елордада. Жәбірленушінің мұнда жоқ екенін бәріміз көріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы