384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жөнделіп жатқан жолдың 27 шақырымынан 21 ақау анықталды

  • 269
  • UPD: 23:38, 15.11.2019
Қызылорда облысында жөнделіп жатқан жолдың 27 шақырымынан 21 ақау анықталды

Қызылорда облысында жөнделіп жатқан облысаралық жолдың 27 шақырымынан 21 кемшілік табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Жалағаш-Жосалы бағытындағы трассаның орташа жөндеу жұмыстарын тексерген. 700 миллион теңге жұмсалған бұл жолдың беткі жабындысы 5 см болуы тиіс. Бірақ жылжымалы зертхана 1 см-ге жетпейтінін анықтады. Ол аздай, тығыздығы мен тегістігі талапқа сай болмай шыққан. Құрылыс жұмыстары қара күзге дейін созылғасын, салқын асфальт төселуде. «Алайда оның да технологиясы талапқа сай болмай тұр», - дейді мамандар.

Замир Сағынов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры:

1 ауысым бітіп, 2 бөлік қосылған жері келмейді. Стандартқа сай 3 метрлік рейкімен анықталады. Ол да келмейді. Асфальттың сапасы өте төмен. Осындай ақаулар бар.

Нұғман Жақұдаев, СЖҚІА облыстық департаментінің бас маманы:

- Жылжымалы зертханамен 10-рет жолға шығып тұрмыз. Жылжымалы зертхананың қорытындысымен 12 кемшілік анықталды. Оның барлығына ұсыныстар беріліп, отырыста қаралып, ол жолдар қайта жөнделетін болып табылды.

Хабар 24 телеарнасы