417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы 18 сакралды нысан жол нұсқаушы қосымшаға енгізілді

  • 774
  • UPD: 23:41, 15.11.2019
Елордадағы 18 сакралды нысан жол нұсқаушы қосымшаға енгізілді

Енді Нұр-Сұлтан қаласына келіп, тарихи-мәдени маңызы бар нысанды көргісі келген кез келген адам интернеттегі осы қосымшаны пайдаланып, керекті жерге жеткізетін төте жолды таба алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ «қызықты жерлер» бөлімін таңдап, сакралды орындар туралы ақпарат алып, фотосуреттерді көріп, қонақтар қалдырған пікірді оқи алады. Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен халықаралық компания өкілдері осы бағытта ынтымақтастықты арттыруға бағытталған меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта Алматы мен Шымкент қалаларында да осындай келісім бекіту жоспарланған. Жалпы, бүгінге дейін ел ішінде 700-ге жуық сакралды нысан анықталды.

Кемелбек Ойшыбаев, «Рухани жаңғыру» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Сакралды Қазақстанды ары қарай насихаттап, халыққа көрсетіп жеткізіп, әсіресе, шет елдің туристеріне түсінікті болуы үшін соның ішіне орнатып жатырмыз. Қазіргі тұрғыда 170 сакралды орындар белгіленді. Болашақта әрине, бүкіл 700 сакралды орындар сол жерге кіргенін талап етеміз. Біріншіден, әрине, біздің мектеп оқушыларына, студенттеріне және шетелден келіп жатқан туристерге тез тауып алуға ынғайын тудырады.

Хабар 24 телеарнасы