384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

  • 281
  • UPD: 08:33, 16.11.2019
БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында сәуір айынан бері 8 рет«Жолда қабылдау» акциясы өткізіліп, 2900 азаматтың арыз-шағымы тыңдалған екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қабылдап, құқықтық және консультативтік көмек көрсетті. Жол қозғалысын жақсарту және қылмыстың алдын-алуға қатысты жұртшылықтың ой-пікірін тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Автоураган» кешені арқылы жүргізушілердің айыппұлы бар-жоғын анықтап, өзге де борыштары туралы мәліметтермен бөлісті. 2 жедел топ халық көп жиналатын сауда орындарының алдында көппен кездессе, учаскелік инспекторлар пәтер иелері кооперативі өкілдерімен бірге аулаларды аралаған.

Майра Амансеева, қала тұрғыны:

– Мен «Кең дала» көшесінде тұрамын, ескі әуежайда. Алаш пен Еуразия көшесі өте жаман өтуге, балаларға да, үлкен кісілерге де. Ол жерде жүргіншілер жолағы бар, бірақ машина тоқтамайды. Соған келдім, бағдаршам қойыңызшы деп. Өте ыңғайлы болар еді.

Серік Сүйінбаев, облыстық ПД басшысының орынбасары:

– Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша, қандай іс-шаралар, көші-қон сұрақтары бойынша және ішкі істер органдарына қызметке қабылдау бойынша көптеген сұрақ қойып жатыр. Осы күндері жалпы ауыл тұрғындарын облыс тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға, сұрақтармен келіп, мағлұмат алуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы