384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық мұғалімдер Әл-Фараби әлеміне бойлады

  • 201
  • UPD: 08:35, 16.11.2019
Маңғыстаулық мұғалімдер Әл-Фараби әлеміне бойлады

Маңғыстаулық ұстаздар ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің рухани мұрасымен жан-жақты танысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Танымдық кездесулер «Өрлеу» біліктілікті арттыру» ұлттық орталығының аймақтық институтында өтіп жатыр. Оған орта мектептердің мұғалімдері шақырылған. Дөңгелек үстелдер қараша айының 23-не дейін жалғасады. Педагогикалық сала мамандары бұл кездесуден көңілге түйгенін өскелең ұрпаққа дәріптеуі тиіс. Араларында өз бетімен ізденіп, ғалым шығармашылығын зерттеп жүрген жас ұстаздар да бар. Олардың білгенін ортаға салуы шара маңызын айшықтай түсті. Айта кетейік, келер жылы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы республика көлемінде тойланады. Осы орайда Маңғыстау өңіріндегі орта білім беру мекемелерінде кешенді іс-шаралар өткізілуде. 

Рысбике Аралбаева, Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі:

– Мен сол Әл-Фарабидің әдебиеттерін зерттедім. «Қала тұрғындарының көзқарастары» атты әдебиетін айтып өттім. «Баққа жол сілтеу», «Ақылдың мәні» осы еңбектерін зерттеу арқылы көптеген нәрселермен таныстым. Ол – екінші ұстаз. 70-тен астам тілді меңгерген.

Ардақ Сейсенова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» аймақтық институтының аға оқытушысы:

– Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінен келіп отырған курс тыңдаушыларына Әл-Фарабиге арналған бір тақырыпты бөлдік. Әл-Фарабидің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыра отырып, рухани мұрасы, сонымен бірге шығармашылық мұрасын кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу, насихаттау – негізгі мақсатымыз.

Хабар 24 телеарнасы