384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада автокөліктерді тоқпен жылытуға болады

  • 252
  • UPD: 13:26, 16.11.2019
Елордада автокөліктерді тоқпен жылытуға болады

Нұр-Сұлтан қаласында қыста автокөлік жылытатын инновациялық құрылғы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Азия даму банкі мен Нұр Сұлтан қаласының әкімдігі төмен көміртекті қалаларды дамыту бастамасы аясында автомобиль қозғалтқышын электрмен жылыту пилоттық жобасын іске қосты.

Қыстың суық күндері тұрғындар қозғалтқышты және салонды жылыту үшін автомобиль қозғалтқыштарын ұзақ уақыт қыздырады. Бұл шамадан тыс жанармай мен қаржылық шығындарға, қозғалтқыштың тозуына және парниктік газдар мен зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына әкеледі.

Мамандардың айтуынша, аталған құрылғы электр қуатымен жұмыс істейді және жабдықты автомобильге сертификатталған маман немесе зауыттан шыққанда орнатылуы тиіс.

Инновациялық технология еліміз бойынша алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында қолданысқа енгізілді. «Алдағы уақытта жобаның аясы кеңейіп, басқа қалаларда да іске қосылады деген үміттеміз», – деді Азия даму банкінің президенті Такехико Накао.

Хабар 24 телеарнасы