384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылыту маусымы басталғалы елімізде 47 адам қаза тапқан

  • 191
  • UPD: 17:26, 16.11.2019
Жылыту маусымы басталғалы елімізде 47 адам қаза тапқан

Жылыту маусымы басталғалы бері Қазақстанда 1700 астам өрт болып, салдарынан 47 адам қаза тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 57 азамат әр түрлі жарақат алды. Мұндай сұмдық статистиканы бүгін Төтенше жағдайлар комитеті таратты. Көбіне қайғылы оқиға тұрғындардың салғырттығынан болса керек. Дәлірек айтқанда, пешті жағу барысында қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамайтындар баршылық, дейді мамандар. Тілсіз жаумен күресу үшін бүгін Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері, тәртіп сақшылар, ұлттық ұлан сарбаздары мен еріктілер рейд ұйымдастырып, жер үйлерді аралады. Мұндағы электр жылытқыштар, пештер мен түтіндіктерді тексеріп, өрттің алдын алу үшін ұсыныстар айтты. Бұл - жыл сайын өтетін жоспарлы шара.

Марғұлан Аманбаев, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

– Үйіне кіргізбейтін адамдар болады. Иттерін жібереді, есіктерін ашпайды, балағаттайтын адамдар болады. Оларға айтарым, үйлеріңізге жіберіп, ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіп, насихаттап, түсіндіріп жүреміз. Ұйғарымдама, айыппұл салынбайды үй ашпағандарға. Біз тек үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы