384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық дәрігерлер қауіпті дертті ерте анықтай алады

  • 229
  • UPD: 19:40, 16.11.2019

Бұған туберкулез бен онкологиялық ауруларды тексеретін ситуациялық орталықтың көмегімен қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

ТМД мемлекеттерінде теңдесі жоқ құрылғы арқылы өңірдегі 180 мыңға жуық адам тексерілген. Мекеме жұмысымен бүгін Үкімет мүшелері танысты. Арнайы жиын өтіп, салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Міндетті медициналық сақтандыру, емдеу мекемелерін қаржыландыру жайы кеңінен талқыланды. Бұдан кейін жұмыс тобы «Береке» котеджді қалашығында болды. Онда 600-ден аса үй болса, соның 100-і көп балалы аналар, ардагерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға берілген. Бұдан кейін үкіметтік топ Көксу қант зауытында болды. Қайта жанданған өндіріс орнының жұмысымен танысып, қант қайнату процесін көрді. Балпық би және Мәмбет ауылында қоғам белсенділерімен кездесті. Мұнда Мемлекет басшысының жолдауында қамтылған мәселелерді сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Анар Сармолдаева, аудан тұрғыны:

– Жиналыс жақсы жаңалығымен өтті. Үкімет мүшелері келесі жылдан бастап, қандай жаңа атаулы әлеуметтік көмек болатынын атап өтті. Оған біздің көп балалы отбасылар қуанышты. Тұрғындар тарапынан қойылған сұраққа тұщымды жауап алды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Бұрындары Талдықорған, Жамбыл облыстары қант қызылшасын егіп, Қазақстанды толығымен қантпен қамтамасыз еткен. Осы екі облыс соны жандандырып отыр. Соның ішінде Алматы облысы. Тау-тау болып үйіліп жатқан қант қызылшасы көптен бері болған емес. Оның үстіне мынау өңірдің өзіне алған міндеттемесі бар. Келесі жылға дейін ең кем дегенде 400 мың тонна қант қызылшасын алу. Ол дегеніңіз, Қазақстанның 70 пайыз керектігі. Оған енді Жамбыл облысы қосылатын болса, біздің ойымызша, Қазақстан өзін толық қантпен қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы