384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада халықаралық ұйымға мүше кәсіпкерлер табысқа жету жолдарымен бөлісті

  • 176
  • UPD: 22:24, 16.11.2019

«Цифрлық технологияларды қолданбайтын кәсіптің ғұмыры қысқа». Елордада өткен YPO Kazakhstan бизнес-форумына қатысушылар осындай піркірде, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бизнестің қыр-сырын меңгеріп, халықаралық ұйымға мүше болған кәсіпкерлер заманауи технологияларды пайдаланып, табысқа жету жолдарымен бөлісті.

Қуат үнемдеу көздері, қашықтықтан бақылау жүйесі, бір сөзбен айтқанда «ақылды үй». Бұл отандық құрылыс компанияларының бірінде енгізілген сандық технологиялардың соңғы мүмкіндіктері. YPO Kazakhstan ұйымдастырған форумда танымал кәсіпкерлер замауи қондырғыларлың пайдасын айтып, табысқа жету жолдарымен бөлісті. 

Рамиль Мухоряпов, «Chocofamily Holding» негізін қалаушы:

– Біздің кәсібімізді бастағанымызға 16 жыл болды. Бірақ жақсы жетістіктерге тек соңғы 4-5 жылда қол жеткіздік. Технология – әлемді өзгертетін құрал. Ол түрлі дәрежедегі ірі компаниялармен иық-тіресіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бәсекеге сай болу үшін бизнесіңізге жаңа технологияларды енгізіп, әрдайым заманауи шешімдер ұсыну керек.

YPO – бұл отыз мыңға жуық бизнесменнің басын қосқан халықаралық ұйым. Оның қаржы айналымы 9 триллион доллардан асады. Жиында Қазақстан атынан ұйымға мүше кәсіпкерлер саладағы цифрландыру төңірегінде ой өрбітті. Ал жас бизнесмендер көкейінде жүрген сауалдарды қойып, білікті мамандармен пікір алмасты.

Тимур Турлов, кәсіпкер және қаржыгер:

– Біз адам капиталы жоғары бағаланатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазір мың адамның істейтін жұмысын, бірнеше білікті маман және бір техниканың көмегімен бітіруге болады. Танымал трендтерді білетін, цифрландыруды меңгерген адамдар ғана табысқа жетеді. Сондықтан әрдайым біліміңді жетілдірген абзал.

Форумда Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде бірқатар спикер сөз сөйледі. Олар бұл еңбектері үшін ақы дәметпеген. Сондай-ақ шарадан түскен қаражат мүгедек балаларды емдеуге жұмсалады. 

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы