384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да өрттің 70%-і тұрғын үй секторында тіркелген

  • 144
  • UPD: 08:24, 17.11.2019
БҚО-да өрттің 70%-і тұрғын үй секторында тіркелген

Батыс Қазақстан облысында өрттің 70% тұрғын үй секторында тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жыл басынан бері өңірде жалпы шығын көлемі 20 миллион теңгені құраған 310 өрт оқиғасы болған. 6 адам қаза тапқан. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғаларға негізінен жылыту құралдары мен электр жабдықтарының жарамсыздығы және дұрыс пайдаланылмауы себепші болады екен. Төтенше жағдай департаментінің мамандары газ қызметімен бірге осы күзде жеке тұрғын үйлерді аралап, пештерді тексеріп, жадынамалар таратқан. Өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған мың жарымдай әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды арнайы бақылауға алған. Түтін қайтса, не газ шығып тұрса белгі беретін 600-дей қондырғы аталған жанұяларға бюджет қаржысы мен демеушілердің есебінен орнатылған.

Нұрлан Таубеков, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

Облысымызда биылғы жылы 602 датчик орнатылды. Сонда да тұрғын уй секторында азаматтардың немқұрайлы қарауымен өткенде жаңа айтқан төтенше жағдайда сол датчик орнатылған болатын ол уйде де. Бірақ ол датчик сөндіріліп тастаған. Сол себептерден газ беруін тоқтатпай, соның салдарынан азаматтар уланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы