384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қолдан трактор құрастыратын өнертапқыш тұрады

  • 171
  • UPD: 09:08, 17.11.2019

Павлодар облысының Май ауданында қолдан трактор құрастыратын өнертапқыш тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көркем еңбек пен әннен сабақ беретін мектеп мұғалімінің шағын тракторларын жергілікті шаруа қожалықтары аттай қалап әкетіп жатыр. Кейбірі алдын ала тапсырыс та беріп қойған. Әмбебап техниканың бағасы арзан болғанымен, атқаратын қызметі орасан.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Бұл – қолдан құрастырылған шағын техниканың мүмкіндігі. Ауылда тұратын адамға ауланың қарын күреп, малдың көңін шығару оңай емес. Берікбол Жанысовтың айтуынша, бұл жұмыстарды атқаруға үлкен трактор жалдауға да болады. Бірақ ол тар қораға сыймайды. Сол себепті шағын техника жасауға бел буған. Алдымен тракторлардың сызбасы жасалады.

Берікбол Жанысов, өнертапқыш:

- Әуелде жай тракторды істедім. Одан кейін ойладым, неге бұған алдына кун салмасқа, құр күрек болса, онда оның пайдасы аз. Құр итересің болды, одан басқа функция жоқ. Басқа жұмыстарды атқара алмайды. Бұл трактордың салмағы 350 келі. Ұзындығы күрегімен бірге 2 метр 40 см.

Өнертапқыштың айтуынша, бүгінде мұндай тракторларды жасап жатқандар бар. Бірақ көбі оның эстетикалық жағына мән бермейді. Сондықтан қызығушылық тудырмайды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

Бұл үй шаруашылығына қажетті кәдімгі қарапайым әмбебап техника, оны құрастыруға қолда бар бөлшектер қолданылған және де мынандай шағын қозғалтқышты сатып алып қойған екен. Атап өтерлігі, жаздың күні шөп тасып, шөп шбуға, қыста қар тазалауға болады. Ауыл мұғалімі осындай модельдерді бұған дейінде жасап, жергілікті шаруа қожалықтарына сатыпты.

Берікбол Жанысов, өнертапқыш:

- Менде міне, 6-шы трактордың ғана суреті бар. Сатардың алдында осы суретке түсіргенмін. Бұл кабинамен болды. Мына тракторға москвичтің моторы, москвичтің балкас  қолданылды. Газон 51-дің артқы көпірі мен қорапшасы қолданылды. Мұнда радиатор, тосол болды.

Қазір Берікбол Жанысовтың құрастырған шағын техникалары қолданыста жүр. Бірақ оларға құжат жасаумен айналыспапты. Әлі күнге дейін патент алмаған. Соған қарамастан ауылдың дамуына өз үлесін қосып отыр.

Дәулет Мұхамедрахимов, Қаратерек ауылы әкімінің міндетін атқарушы:

- Өте шаруашылыққа қолайлы техникалар, ауылға, ауылдың ішінде инфрақұрылым дейміз ғой, соған көмектеседі. Енді мұндай азаматтар көбейе берсін дейміз ішімізде, ауылдың экономикасына жалпы шаруашылыққа көмектесіп жатыр.

Мектеп мұғалімі тағы бір қырынан танылды. Ол бастауыш сынып оқушыларына домбыра үйірмесін өткізеді.

Берікбол Жанысов мектеп шеберханасында балаларды еңбек пен өнерге қатар баулиды. Бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарымызды дарытып жүрген ұстаз бос уақытын техника жасауға арнайды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельнийций

 

Хабар 24 телеарнасы