384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көң-қоқыс заңсыз төгілген 400 орын анықталды

  • 157
  • UPD: 10:31, 17.11.2019
БҚО-да көң-қоқыс заңсыз төгілген 400 орын анықталды

Батыс Қазақстан облысында көң-қоқыс заңсыз жиналған 400 орын бар болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 72-сі Бәйтерек ауданында болса, 80-і Теректі ауданы аумағында, қалғаны Орал қаласының төңірегінде екен. Бұл экология министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының арасындағы келісімге сәйкес ғарыштан бақылаудың нәтижесінде анықталып отыр.

Ғарыштық шолу ірі шаһарлардың айналасында радиусы 50 шақырым жерде жүргізілген. Рұқсат етілмеген жердегі үйінділерде жалпы салмағы 400 мың тоннадай қоқыс бар делінеді. Ол үйінділер алдағы бір-екі айда толық тазалануы тиіс. Қазір атқарушы органдар аталған жұмысқа кірісіп те кетті.

Маханбет Ықсанғали, облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары:

-Ғарыштан бақылау үнемі болады. Бұрын мысалы көп жерлерде жергілікті атқарушы органдар, ауыл әкімдері қоқыстың төгілгенін байқамай қалды, көрмей қалады дегендер болса, енді ондай жағдайлар болмайды. Әуеден, ғарыштан бақыланып тұрады және біздің компьютерлерге хабар келеді. Осындай жерде осындай қоқыс пайда болып жатыр деген хабар. Сондықтан сондай жерге тезірек жетіп, сол қоқыстың шыққан жерін анықтап, шара алуға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы