384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Қан тапсырып, өмір сыйла!» атты қайырымдылық акция өтті

  • 177
  • UPD: 13:24, 17.11.2019
Елордада «Қан тапсырып, өмір сыйла!» атты қайырымдылық акция өтті elorda.info

Нұр-Сұлтандағы Достық үйінде «Қан тапсырып, өмір сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырды. Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, елордалық жастар, волонтерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы хатшылығының бас маманы Г.Тайгокова қайырымдылық акциясының маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Донор болу – біреудің өмірін құтқару. Қан – адам денсаулығының маңызды бөлігі. Сондықтан біз донор болғысы келетіндерге және бүгінгі қайырымдылық акциясына қатысқысы келетіндерге алғысымызды білдіреміз», – деді Г. Тайгокова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Олег Честнов пен Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сәния Абдрахманова «қан тапсырып, өмір сыйла!» акциясына белсенді қатысқан елордалықтарға алғыс білдірді.

Акция барысында алғаш болып қан тапсырғандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттары табыс етілді. Акция қатысушылары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы