384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Ел үміті» атты республикалық жастар марафоны өтті

  • 205
  • UPD: 14:36, 17.11.2019
Алматыда «Ел үміті» атты республикалық жастар марафоны өтті elorda.info

Бүгін Алматы қаласындағы «Halyk Arena» кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Ел үміті» республикалық жастар марафоны өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ақтөбе қаласында бастау алған бұл марафон Елбасының талантты бүлдіршіндер мен жастарды кешенді түрде қолдау бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде жастар қаласы Алматыда жалғасын тапқан марафон әрі қарай елорда да өтетін болады.

Марафонға Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларынан үш мыңға жуық білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика мен қоғамдық қызметтегі белсенді жас Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалардың арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті. «Бүгінгі марафонның мақсаты – жас инноваторларды, жас ғалымдарды, бизнесмендерді, спортшыларды және басқа да жас мамандарды қолдауға бағытталған. Қазіргі тез өзгеріп жатқан заманда, мына сіздер – жастар, мықты болуларыңыз керек. Сенімді ақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» етуге жастар қатысуы керек. Біз әрқашан қолдаймыз. Бүгінгі марафон тек бірінші қадам. Алда үлкен ортақ жұмыс көп», – деді жастарға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев. Әсет Исекешев бастама аясында ауыл жастарына арналған «Мың бала» бағдарламасы қолға алынып отырғанын айтты. Ол аймақтарда жыл сайын арнайы интеллектуалдық турнир өткізу арқылы 1000 бала іріктеп алынатынын жеткізді. Әрі қарай осындай дарынды, талантты жастарға Қор тарапынан гранттар мен стипендиялар бөлініп, жан-жақты қолдау көзделуде. «Ел үміті» бастамасы аясында үздік білім беру ресурстары жинақталады. Ол тегін түрде бәріне бірдей қолжетімді болады. Сонымен қатар, ауыл жастары, дарынды жеткіншектер және олимпиада жеңімпаздарын Қазақстан және шетелден тағылымдамадан өткізу, жоғары оқу орындарына түсу үшін гранттар бөлу, арнайы бағдарламаларға қатыстыру және ғылым, инновация, мәдениет сияқты әртүрлі бағыттарға премиялар бөлу жоспарлануда», деді Әсет Исекешев.

Хабар 24 телеарнасы