429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда полицейлері бейнежазбадағы қару асынған жігітті ұстады

  • 461
  • UPD: 17:48, 17.11.2019

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде мұздай қаруланған жас жігіттің  видеосы пайда болған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік ішінде келе жатып ол бірнеше қару түрін көрсетеді. Осы оқиға бойынша жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында елорда полицейлері 24 жастағы азаматты ұстады. Ол бұрын сотталған болып шықты. 2017 жылдың маусым айында бұзақылық және мүлікке қасақана залал келтіргені үшін 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Жыл басында заңнаманы гуманизациялауға қатысты түрмеден босап шыққан. Енді оған қатысты іс қайта қаралмақ.

Хабар 24 телеарнасы