384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда көп қабатты үйлерге су беріле бастады

  • 293
Нұр-Сұлтанда көп қабатты үйлерге су беріле бастады

Елорданың ауыз сусыз қалған тұрғын үйлерінің су жүйесі қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қараша күні 22:10-дегі жағдай бойынша, «Жағалау» мөлтек ауданындағы «Зеленый квартал» тұрғын үйінен кешенінен басқа үйлердің су беру жүйесі қалпына келтірілді. Аталған тұрғын үй кешені бойынша жұмыс жүріп жатыр. Е көшесі 10, 2 үй, 2а, 4; Е-16, 2 үй, 2/1, 4, 4/1, 4/2, 6, 6/1, 6/2; Е-30, 5, 7 үй; Айтматов көшесі 36, 36/1, 36/2, 36/4, 36/5; 31, 31а, 31б және Омаров көшесіндегі 15, 17, 23, 27 үйлерге су берілді», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Хабар 24 телеарнасы