420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында мемлекеттік қызметтердің 85% электрондық форматта жүзеге асады

  • 604
Павлодар облысында мемлекеттік қызметтердің 85% электрондық форматта жүзеге асады

Е-gov порталы мен оның сервистік мүмкіндіктерін насихаттау халықтың белсенділігін арттырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтармен жұмысты бұдан да жоғары деңгейге көтеру үшін мемлекеттік қызмет түрлері де көбейтілді. Мәселен, жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлік алу үшін анасына СМС-хабарлама жолданады. Сол сияқты бір өтінішпен бірнеше қызметке қол жеткізуге болады. Соңғы уақытта «Ашық әкімдік» жобасы пайда болды. Ол ауыл тұрғындарының сауалын тез әрі сапалы түрде шешуге көмектеседі. Павлодар облысы бойынша дербес алаң бірінші болып Май ауданында жұмысын бастады. Мұнда әкімдік ғимаратының бірінші қабатында барлық сала мамандары отыратын кабинет жасақталған. Көктөбе ауылының тұрғыны Дина Қасымова баласын балабақшаға кезекке қою үшін жүгініпті. Жаңа қызметке көңілі толғанын жасырмады.

Дина Қасымова, Көктөбе ауылының тұрғыны:

– Біз бұрын мамандардың көмегіне жүгінетінбіз. Кезектің көптігінен біраз уақыт күтуге тура келетін. Ал қазір бәрі жылдам жасалады. Маған қызмет көрсету сапасы ұнады. Мәселеңіз айналасы бірнеше минутта шешіледі.

Тоқтамыс Жұмағұлов, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарманың басшысы:

– Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін әрі қарай жетілдіру жөнінде жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Соның ішінде халқымызға нақты жағдай жасау.Әрине азаматтардың жеке мәселелері болатын болса олар мемлекеттік органға келіп, мәселелерін шешуге барлық жағдай жасау қажет. Ашық есік күндерін ұйымдастыру, азаматтарды қабылдау мәселесі - ол қазір жүйелі түрде кіргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы