418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО: Сүттің техникалық талаптары не береді?

  • 426
ЕАЭО: Сүттің техникалық талаптары не береді?

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы сүт зауыты Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талаптарына толық жауап береді.

Кәсіпорын 2020 жылы енгізілуі тиіс экспорттық өзгерістерге алдын ала дайындалған. Тәуелсіз зертханалардың тексеріс қорытындысы бойынша, сүт өнімдерінің қышқылдығы, тазалығы, майлылығы тиісті көрсеткіштерге сай болып шықты. Өндіріс ошағы қараша айына дейін 5 мың тоннадан астам сүт өңдеп, 1 млрд 300 млн теңгенің өнімін шығарды. Зауыт директоры Сергей Чепурконың айтуынша, техникалық талаптар – ең алдымен шикізаттың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін Отандық тауарөндірушілер үшін бұл тәртіп екі рет шегерілген болатын. 

Сергей Чепурко, сүт зауытының директоры:

– Егер де бұл тәртіпке дұрыс дайындалып, тиісті талаптар сақталса, ешқандай қиындық туындамайды. Тәртіп қарапайым, жеке шаруашылық иелері малдың денсаулығы мен тазалығына көңіл бөлу керек. Сонда ғана сапа болады.

Хабар 24 телеарнасы