412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жолақы құны бір ай бойы 45 теңге болады

  • 704
  • UPD: 11:57, 18.11.2019
Елордада жолақы құны бір ай бойы 45 теңге болады

Елорда автобустарында бір ай бойы 45 теңгемен жүруге болады, деп хабарлады «Astana LRT».

«Жолақыны 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей аласыз. Акция 18 қарашадан басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады», –  делінген хабарламада.

Мұндай акцияны ұялы байланыс операторларының бірі ұсынып отыр.

Атап айтқанда, төлемді SMS немесе QR-код арқылы жасаған кезде телефон нөмірінен жол жүру билетінің толық сомасы – 90 теңге шегеріледі. Кейін балансқа 45 теңге қайтарылады. Жолақыны төлеу үшін шотта кем дегенде 91 теңге болуы тиіс.

«45 теңгемен автобуста күніне екі рет жүре аласыз. Ал үшінші және одан арғы сапарларыңыз үшін стандартты – 90 теңге төлейсіз. Акция тек қалалық бағыттарда жүреді. Бағасы 180 теңге болатын экспресс-маршруттарда, сондай-ақ ақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік қаламаңы маршруттарында жеңілдік қарастырылмаған», - деп хабарлады «Astana LRT».

Хабар 24 телеарнасы