422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауды көгалдандыруға қазынадан 1 млрд теңге бөлінеді

  • 522
  • UPD: 13:26, 18.11.2019
Ақтауды көгалдандыруға қазынадан 1 млрд теңге бөлінеді

Келер жылы Ақтауды көгалдандыруға қазынадан 1 млрд теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай есеп қаланың кеңейіп, жаңа шағын аудандардың пайда болуына байланысты жасалып отыр. Ағаш отырғызып, гүл егу жұмыстарын ерте көктемде, наурыз айынан бастау көзделуде. Жақын күндері тендер өткізіліп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін компания анықталады. Шамамен 93 мыңдай көшет пен 15 мың шаршы метр жерге бұта отырғызылады. Сонымен қатар орталық көшелер мен аллеялар 220 мың түрлі-түсті гүлдермен көмкерілмек. Теңіз жағасындағы ақмаржан қаланы көгалдандыруға былтыр 800 миллион теңге бөлінген болатын. Биыл қаржыландыру 200 миллионға артты.

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

– Сонымен бірге біз көгалдандыру мақсатында тамшылата суару жүйесін қолға алып жатырмыз. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Мемлекеттік сараптама ұсынуға дайын. Жобалық-сметасының құны – 1 млрд астам.

Хабар 24 телеарнасы