418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сұлтанов: Азық-түлік бағасы негізсіз өссе, әкім орынбасары жауапкершілікке тартылуы тиіс

  • 612
  • UPD: 14:08, 18.11.2019

Өңірде азық-түлік бағасы негізсіз өссе, әкім орынбасары жауапкершілікке тартылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осындай ұсыныс айтты. Айтуынша, бірқатар өңірде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы өскен. Ал тұрақтандыру қорлары мен қоймалардың жұмысында кемшілік көп. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баға тұрақтылығына дұрыс бақылаудың жоқтығын айтып, жауаптыларды сынға алған еді. Жыл басынан бері Атырау, Павлодар, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызды тауар түрлері қымбаттаған. Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда жеміс-жидек, нан мен сиыр етіне баға белгіленген шектен асып кеткен. Үкімет басшысы Асқар Мамин бір апта ішінде бағаны тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімге арналған нақты шаралар пакетін әзірлейтін топ құруды тапсырды. Сондай-ақ құзырлы министрліктердің бағаға жауапты өкілдері бірнеше өңірде әкім орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:

– Бағаны ұстап тұру бойынша бюджеттен қомақты қаржы сұрамайтын баламалы тетіктер де бар. Біріншіден, «айналым схемасы» деген механизм бар. Әлеуметтік маңызды тауарларды сатудың қарсы белгіленген міндеттемелері бар. Сауда желілеріне жеңілдетілген қаржы беру іске асырылуды. Ағымдағы жылы айналым схемасы 4 пилоттық өңірде іске асырылды. Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда және Қостанай қалаларында бюджет қаражаты көзделгеніне қарамастан, әлі күнге сауда желілермен шарт жасалмаған. Және әкімдіктермен бағаны төмендету бойынша нақты жұмыстар жүргізілмеген.

Хабар 24 телеарнасы