424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды

  • 559
  • UPD: 15:52, 18.11.2019
Мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды

Көкшетаудағы Қопа көлінде балық аулап отырып, мұз астына түсіп кеткен 67 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Балықшының мұздың астына түсіп кеткенін құтқарушылар көріп қалған.

«Құтқару жасағының қызметкерлері мұз ойылып суға батып бара жатқан ер адамды көріп, жағаға алып шықты. Құтқарушылар ер адамның қан қысымын тексерді. Балықшының жағдай жақсы», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Хабар 24 телеарнасы