427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Студенттің күнкөрісіне қанша қаржы керек?

  • 790
  • UPD: 20:05, 18.11.2019

Елде 540 мыңнан аса студент бар. Оның 73%-тен астамы күндізгі оқу негізінде білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, олардың күнкөрісіне орташа есеппен қанша қаражат қажет? Грантта оқыса, жақсы. Ақылы түрде болса ше? Қанша мың керек?

Бұл – Азамат Махамбет. Елордаға білім қуып, Ақтөбеден келген. Жоғары оқу орнында грантта оқиды. Шәкіртақы алады.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Азамат алатын шәкіртақыңыз қанша?

Азамат Махамбет, студент:

- 20 мың теңгенің айналасында.

- Сол жиырма мың сізге қанша уақытқа жетеді?

- Алған бойда жұмсалады. Өйткені пәтер жалдап тұрамыз ғой. Соған бірден жіберемін.

Пәтер өз алдына. Күнделікті тамақ ше? Ауқаттану үшін асханаға аз ақша тастамайды Азамат.

Орташа есеппен түскі асқа қанша ақша кетеді?

- Аптасына 3-4 рет келеміз. Өйткені бізде сабақ нақты түске дейін емес.

- Әр келген сайын қанша тастап кетесіз?

- Шамамен 1000 теңгенің айналасында.

Азамат қазір күн санап жүр. Айдың соңында кезекті шәкіртақысын алады. Жалпы көнкөріс үшін студентке бір айға қанша мың керек? Алатын шәкіртақылары 20 мың 700 теңге.

Блиц 1:

- Осы 20 мың 700 теңге сізге қанша уақытқа жетеді?

- Үнемдеп жаратсам 1 аптаға жетеді. Оны үнемдеп жарату үшін жоспар құрып қоямын.

- Көбіне неменеге жұмсайсыз шәкіртақыны?

- Көбіне киім-кешекке, жолыма, тамағыма жұмсаймын.

Блиц 2:

- 20 мың 700 теңге маған 10 күнге жетеді. Бірінші автобусқа картаға салам. Тамақ, азық-түлікке жұмсаймыз. Тариф, телефонға, сосын, маникюр.

Блиц 3:

- Жалпы қанша қаражат қажет студентке?

- Жалпы ай сайын алатын шәкіртақы бізге 2 аптаға жетеді.

Бұл студенттердікі жақсы. Грантта. Шәкіртақылары бар. Ал, ақылы негізде білім алатындар ше?

Дидар Ғаріп, студент:

Мен өзім ақылы негізде оқимын. Стипендия алмаймын. Қазіргі кезде ауырлық соғып жүр. Өйткені үйден келеді, өзім жұмыс істеуге мәжбүр болам. Айына пәтер жалдауымды санағанда, бір 120-130 мыңның көлемінде кетеді.

Елде қазір 163 мыңға жуық жас мемлекеттік грант есебінен білім алуда. Бұл – жалпы студенттердің 30%-і. Ал, ақылы негізде оқитындардың саны 380 мыңға тақау. Бас қалада бір студенттің көнкөрісіне орташа есеппен 120 мың теңге қажет екен.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы