428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар қолданысқа берілген жаңа вагондарды қалай бағалады?

  • 642
  • UPD: 22:59, 18.11.2019

Ақ жайма төсек, жайлы жастық, тап-таза сүлгі және ыңғайлы матрас.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы вагондағы төсек жабдықтарды толық жаңарта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жолаушылар жайлы төсек жабдықтарын пайдаланып, жағымды атмосферада сапар шеге алады. Алдағы 10 жыл көлемінде еліміздегі вагондар толық жаңартылып, қызмет көрсету сапасын халықаралық деңгейге жеткізу көзделіп отыр.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы темір жолдағы қызмет сапасын арттыруға білек сыбана кірісті. Әсіресе, әбден тозығы жеткен төсек жабдықтарды толық жаңартуға басымдық бермек. Соның аясында жолдаушылар енді экологиялық таза, жұмсақ әрі мұнтаздай ақ төсек-жабдықтарын қолданатын болады.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

Өздеріңіз байқап отырғандай, бұл жаңа жастық өте жоғары дәрежеде жаңа технологиямен жасалған. Мынау матрастар. Босап қалатын бұрынғы Кеңес дәуірінен қалған матрастар емес. Іші дұрыс жасалған. Өте жұмсақ. Өте қолайлы. Жууға келетін, 20-30 жылға жететін матрастар. Сапасы жақсы. Жоғары технологиямен жасалған. Бұлардың бәрі Қазақстанда өндірілген тауарлар.

Егер тұтынушы төсек жаймасына көңілі толмаса, жолсеріктен жаңа жабдықты сұрап пайдалануына болады. Жолаушылардың мүддесіне орай барлық жағдай жасалған. Аппақ төсек жабдықтары көпшіліктің көңілінен шығуда.

Бимекен Ахметова, жолаушы:

Кіре сала айттық. Қандай керемет су жаңа вагон. Құдалыққа бара жатыр едік. Темір жолдың бастығына рахмет. Бәрі жақсы, төсек орны бәрі әдемі екен.

Биылғы жылы су жаңа 67 вагон қолданысқа берілген. Олардың барлығы жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компания өкілдері алдағы жылдары 1200-ге жуық вагон әкеліп, қолданыстағы ескі үлгілерін толық жаңартуды көздеп отыр.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы