428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «Ауыл» партиясының есеп беру жиыны өтті

  • 711
  • UPD: 08:12, 19.11.2019
Шымкентте «Ауыл» партиясының есеп беру жиыны өтті

Қазір ауылда екі қолға бір күрек табу қиын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселелер үлкен мінберлерден Үкіметтің құлағына жетуі тиіс. Бұл туралы Шымкентте «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы филиалының есеп беру жиынында айтылды. Ауылдықтардың бұл кездесуінде шалғай өңірлердегі елді мекендердің жайы, олардың әлеуметтік һәм экономикалық өрлеу деңгейі жағынан артта қалып келе жатқандығы айтылды. Алдағы уақытта партия ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеру үшін ортақ бағдарлама жасалатындығын жеткізді.

Бөрібай Жексенбин, «Ауыл» ХДПП хатшысы:

– «Ауыл» партиясы әсіресе елді мекендердегі өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымдардың мәселесі өзінің деңгейінде шешілмей жатқандығын тілге тиек етеді. Жастар мәселесі, ауылдағы урбанизация, көп балалы аналардың мәселесі. Проблема көп екені белгілі. «Ауыл» партиясы партия болғандықтан кейін әр уақытта біздің қоғамда болып жатқан халықтың құлағы елең ете қалатын мәселелердің барлығына атсалысып, өзінің көзқарасын білдіріп отыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы