375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ер адам әйелімен ажырасуын ерекше атап өтті

  • 212
  • UPD: 08:14, 19.11.2019
Оралда ер адам әйелімен ажырасуын ерекше атап өтті

Ерекше көліктер кортежі оралдықтарды таңқалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам он шақты қымбат жол талғамайтын көлікті жалға алып, қала ішінде қыдырған. Темір тұлпарлардың көптеп жиналуы жергілікті тұрғындар тарапынан алаңдаушылық тудырып, полицейлер назарына іліккен. Анықталғандай, бұрын сотты болған Алматы қаласының тұрғыны әйелімен ажырасуын осылайша атап өткен. Жақында бұрынғы ерлі-зайыптылар ортақ пәтерін сатып, одан түскен ақшаны өзара бөлісіп алған. Осыдан кейін ер адам 20 джипті жалға алып, қала кезіп жүрген сәтінде оны полиция қызметкерлері тексерді. Бір көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші оны куәліксіз басқарған. Оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң, көлік иелері мен ер адам үйіне жіберілді.

Әлия Наурызғалиева, ПД баспасөз қызметкері:

– 1985 жылғы азамат Шығыс Қазақстан облысының тумасы боп шықты. Бір күн бұрын ол Алматыдағы пәтерін сатқан. Ақшаның бір бөлігін әйеліне берген, бір бөлігін өзі ұстаған. Ол Оралға әйелін көруге келген.

Хабар 24 телеарнасы