384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаулықтар сағаттап автобус күтуге мәжбүр

  • 91
  • UPD: 10:28, 19.11.2019

Көкшетаудың іргесіндегі шағын аудандардың бірінің тұрғындары жолаушылар тасымалында кемшілік көп дегенді айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, таңертеңгі уақытта автобустардың лық толатыны соншалықты, көптеген аялдамаларға тіпті соқпай өтетін көрінеді. Жұмысқа асыққан жұрттың жағдайын ойлайтын кім бар? Ал «Нұрлыкөш» ауылына баратын жалғыз автобус кейінгі кездері тіпті сирек жүретін болған.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Иә, бұл трассаның бойында 7-8 аялдама бар болса, соның барлығында таңертеңгі сағат 7-ден бастап 9-ға дейін кісі толып тұрады. Бүгін де соның куәсі болдық. Қазір ғана адам азайып, автобустар да қалыпты жүре бастады. Дегенмен, таңғы уақытта қиыншылықты бұл маңайдағы тұрғындардың бәрі біледі. Бұл маңайдағы халықтың қалаға сабылуының бір себебі, мұнда мектеп жоқ. Мына жерден 2016 жылы басталған білім ошағының құрылысы әлі күнге дейін бітер емес. Қазір тікелей эфирден соң жергілікті билік өкілдерімен байланысып, жолаушылар тасымалындағы мәселелердің шешімін сұрап білетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы