384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада қалаішілік автобустар қат

  • 169
  • UPD: 09:46, 19.11.2019
Қызылордада қалаішілік автобустар қат

Қызылорда қаласының жолаушылар тасымалы қызметіне 150 автобус жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көлік тапшылығы салдарынан тұрғындар жолға телміріп аялдамада жарты сағаттап күтуге мәжбүр. Әсіресе таңсәрі және кешқұрым уақытта қиын. Облыс орталығында жалпы 700-дей транспорт 33 бағыт бойынша қатынайды. Оның жүзден астамы қалалық автобус паркіне тиесілі, қалғаны жекенің қолында. Коммуналдық мекемеге қарасты үлкен сыйымдылықтағы көліктердің қозғалысы қадағаланады, ал жеке меншік иелері өзі би, өзі қожа. Бекітілген уақытта белгіленген сызбаға сай жүру-жүрмеуі өз еркі. Жолаушылар тасымалы бойынша тендер 6 жыл бұрын өткізілген. Одан бері 10 шақты шағын аудан пайда болып, қала аумағы үлкейді. «Қоғамдық көліктер интервалының ұзап кетуінің бір себебі осы дейді», – жауапты мамандар.

Қанат Рахметов, автобус паркі директорының орынбасары:

– Қазіргі таңда көлік және коммуникация институтымен бірге ғылыми-техникалық жоба дайындап жатырмыз. Ортақ келісім аясында қалалық бағыттардың жаңа сызбасы әзірленеді. Сол кезде облыс орталығы аумағын толық қамтимыз деп ойлаймын. Оқушылар мен зейнеткерлерді мінгізбей кету немесе өзге мәселелер туындаса 87714211589 кезекші нөміріне хабарласса, біз шара қолданатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы