384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 34 мыңға жуық бала тұмауға қарсы екпе алды

  • 207
  • UPD: 16:17, 19.11.2019
Елордада 34 мыңға жуық бала тұмауға қарсы екпе алды

Елордада азаматтарды тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы егу науқаны аяқталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Вакцинация 7 270 медицина қызметкеріне, 33 789 балаға, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі 6000 жүкті әйелге, созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруымен ауыратын 47 281 адам қамтылған. 15 қазаннан 18 қарашаға дейін елордада тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы тұрғындарды иммундау акциясы өтті. Әкімдік жергілікті бюджет есебінен 100 мың дана «Гриппол Плюс» ресейлік вакциналар сатып алды. Тәуекел тобына жататын елорда тұрғындарына тіркелген мекен-жайы бойынша емханалардан тегін екпе жасалды.

Тұмау вирусы жөтелу немесе түшкіру кезінде жұқтырған адамнан ауа тамшыларымен, сондай-ақ қарапайым заттармен (есік тұтқалары, лифт түймелері, автобустың тұтқалары, қағаз ақша, қол сөмкелері арқылы) оңай жұғатынын айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы