422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол алаңында тоққа түсіп мерт болған жасөспірімдердің ісіне қатысты сот отырысы басталды

  • 472
  • UPD: 17:45, 19.11.2019
Футбол алаңында тоққа түсіп мерт болған жасөспірімдердің ісіне қатысты сот отырысы басталды

Ертіс өңірінде шағын футбол алаңында тоққа түсіп көз жұмған жасөспірімдердің ісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Айыпталушылардың қатарында Павлодар қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері және энергия таратушы ұйымның инженері бар.

Айта кетейік, футбол алаңы осыдан алты жыл бұрын қолданысқа берілген. Нысан кернеулігі жоғары бағаналарға тым жақын орналасқан. Осы желі арқылы биіктігі 6 метр болатын ойын алаңы жарықтандырылған. Техникалық сараптама нәтижесінде нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы мен қолданысқа беру актісі жоқ болып шықты. Ойын алаңының құрылысы аяқталған соң оны Павлодар қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі қабылдағаны белгілі. Қайғылы жағдайдан соң ол демонтаждалды.

Халима Кәрімова, М.Кәрімовтің анасы:

– 1,5 жыл бойы барған жеріміз қалмады. Ішкі істер органдары, прокуратура өкілдерінің көмегіне жүгіндік. Біздің ісіміз Ішкі істер министрінің жеке қабылдауына барғаннан кейін ғана орнынан қозғалды. Сот әділ өткенін тілейміз. Күдіктілердің бірі бізге ірі сомада қаржы да ұсынды. Бірақ балаларымыз қайтып оралмайды. Отбасымыздың үлкен қайғысы үшін кінәлілер тиісті жазаларын алулары керек.

Хабар 24 телеарнасы