384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектептерде тиімді қауіпсіздік жүйесі жоқ – Артур Платонов

  • 138
  • UPD: 23:23, 19.11.2019
Мектептерде тиімді қауіпсіздік жүйесі жоқ – Артур Платонов

Балалардың қауіпсіздігіне кешенді қарау керек. Бұған бүкіл қоғам жауапты.

Мәжіліс депутаты Артур Платоновтың айтуынша, мектептерде тиімді қауіпсіздік жүйесі жоқ. Сондықтан елде бала зорлау жиілеп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутатты Тараздағы 12 жастағы қыздың зұлымның қолынан жапа шеккені алаңдатты. Бейнекамераға күдіктінің мектеп маңында әрі-бері сеңделіп жүргені түсіп қалған. Бірақ оған мән берген ешкім жоқ. Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін тонау үшін сотталып келген. Демек, елімізде сотталушылардың кейінгі тағдыры назарсыз қалады. Оларды қоғамға бейімдеу әлі де ақсап тұр. Депутат балалардың да озбыр болып бара жатқанын айтты. «Мұның бәрі – сол мектептегі тәрбиенің әлсіздігі», деді ол.

Артур Платонов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Мектептердің дәретханасы неге далада орналасқан? Ғимараттағы жабық тұрады. Ал болып жатқан жайтты бейнекамерадан бақылайтын адамдар не істеп отырады? Олар жеке шаруаларымен айналысып отырған болар, білмеймін. Дәл сол бейнекамера қауіпсіздік үшін пайдаланылады емес пе?

Хабар 24 телеарнасы