376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан маңынан мұнай табылды

  • 853
Түркістан маңынан мұнай табылды

Түркістан облысының Бәйдібек ауданынан мұнай табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Геологтар еліміздің оңтүстігінде боксит кенін іздеу кезінде қара алтынның белгісін байқаған. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің айтуынша, Шоқпақ аумағында палеозой дəуіріндегі жыныстан Үлкен Қаратау ойысында алғаш рет таяу тереңдікте орналасқан мұнай байқалған. Осылайша еліміздің таулы жерінде де алғаш рет қара алтын анықталып отыр.

Санжар Жаркешов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

– Күтпеген жағдайда 39 ұңғының арасынан 11-інен мұнай көріністері көзімізге жетті. Енді оның көлемі туралы айту өте қазір ерте. Барлау жұмыстарын жасауымыз керек. Бұл үлкен жақсы жаңалық.

Хабар 24 телеарнасы