427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 37 мыңдай шағын және орта бизнес субъектілері салықтан босатылады

  • 642
Павлодарда 37 мыңдай шағын және орта бизнес субъектілері салықтан босатылады

Павлодарда 37 мыңдай шағын және орта бизнес субъектілері салық төлеуден босатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала болжам бойынша бюджет қаржысы шамамен 4 миллиард 255 миллион теңгеге қысқарады. Салық қызметінің мамандары үш жылға енгізілетін мораторий нәтижесінде бір ғана Май ауданының бюджеті 25 миллион теңгеге кемитінін айтады. Салықтық жеңілдіктерге шамамен 300 кәсіпкер ие болады. Бүгінгі таңда аудан бойынша салық жүйесін сандық форматқа көшіру жұмысы аяқталып қалған. Ауыл кәсіпкерлерінің басым бөлігі сандық технологияны қолдана бастаған.

Талғат Максалимов, Май ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

– Бүгінгі күні Май ауданында жеке кәсіпкерлерді тіркеу жұмысы 100 процентті қамтып отыр. Олардың 91 процентіне мемлекеттік қызметтер қашықтан көрсетіледі. Бизнес өкілдеріне криптографиялық кілттер салық органдарымен, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы беріледі. Салық төлеушілер үйден шықпай-ақ криптографиялық кілттің көмегімен қажетті анықтамаларын ала береді.

Раушангүл Төлешева жуырда ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Мемлекеттен екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алып, өз үйінде шаштараз салонын ашыпты. Салық төлеуде жеңілдіктер қарастырылып жатқанын естіп  қуаныпты. Кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп жүрген көп балалы ана салық төлеушінің кабинетіне қалай кіру керектігін де үйреніп алыпты. Жұмыстан қолы босамайтын адамдар үшін өте қолайлы дейді ол.

Раушангүл Төлешева, жеке кәсіпкер:

– 505 мыңның грантын алдым.Сол грантпен шаштаразды ашып отырмын. Өзімнің алты балам бар.

Хабар 24 телеарнасы