384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда оқушы зорланған мектептің директоры өз еркімен қызметінен кетті

  • 398
  • UPD: 22:22, 19.11.2019
Таразда оқушы зорланған мектептің директоры өз еркімен қызметінен кетті

Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы зорланғаннан кейін оқу орының директоры өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін оның орынбасары математика пәнінің мұғалімі мен өзге де мамандар жұмыстан шеттетілген болатын. Ал жәбір көрген жасөспірім ауруханалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлердің жіті бақылауына алынып, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Жазылып шыққаннан кейін үй жағдайында оқытылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қыз баланы қорлағаны үшін 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша оқшаулау орталығына қамалды. Тергеу барысында оның бұған дейін де істі болғаны анықталды. Ол 17 жасында осындай әрекеті үшін төрт жылын түрмеде өткізіпті. Күдікті алдағы 20 жылын тағы да темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін. Аталған жағдайға байланысты өңірде шұғыл жиын өтті. Аймақ басшысы мектептерді бейнебақылау камераларымен жабдықтап, қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. Қазіргі таңда облыстағы 442 мектептің жетеуі камерамен жабдықталмаған екен. Білім басқармасының мамандары дәретханаға қатысты мәселеле де басты назарға алынғанын айтты. Аймақтағы 260 білім ордасының қажеттілік орны далада орналасқан. Бұл проблема кезең-кезеңмен шешіледі. Ал әзірге камера орнатуды қолға алмақ.

Арман Оразалиев, облыстық ПД бастығы:

– Енді кешқұрым уақытта патрульдік полицейлер әрбір мектептің ауласын бақылайтын болады. Ал мектеп инспекторы қызметінен босатылды. Жергілікті полиция қызметі Тараз қалалық полиция басқармасының 2-бөлімше мамандарына қатысты да шара қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы