384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл тұмаудың төрт түрі кең таралуы мүмкін

  • 244
Биыл тұмаудың төрт түрі кең таралуы мүмкін

2019-2020 жылдары әлемде тұмаудың төрт түрі кең таралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал біздің елде жыл сайын орташа есеппен 1 миллиондай адам аталған вирусты жұқтырып, респираторлық ауруларға шалдығады. Осы кезге дейін елдегі азаматтардың он проценті тұмауға қарсы екпе қабылдаған. Дегенмен вакцинациядан бас тартқандар да аз емес. Атап өтейік, жедел респираторлық вирустық инфекциялар биыл біршама азайған. Алайда сақтық та қорлық жоқ екендігін мамандар еске салады.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ комитеті төрағасының орынбасары:

– Жіті респираторлық вирустық инфекция біз оларды қазір тұмауға ұқсас аурулар деп атаймыз. 11 пайызға төмендеді. Жалпы бұл ауру тұмаумен бірге көп жылдық осындай көрсеткіштердің шамасында келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы