384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


National Tourism Awards 2019 жүлдесіне дауыс беру бүгін аяқталады

  • 156
  • UPD: 08:49, 20.11.2019

Туризм саласындағы екінші ұлттық жүлдеге дауыс беру бүгін аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда туркомпаниялар, демалыс аймақтары мен шипажайлар, балалар лагерьлері мен туризм саласындағы өзге де ұйымдар 10 номинация бойынша бақ сынап отыр. Бұл шара ішкі туризмнің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді ынталандырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Онлайн дауыс берудің қорытындысы бойынша үздік 3 номинант келесі кезеңге өтеді. Мықтыларды қазылар алқасы таңдайды. Озып шыққандар желтоқсанның 6-і күні Нұр-Сұлтан қаласында марапатталады.

Тимур Қожубеков, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ туризм индустриясын дамыту департаментінің бас менеджері:

– Бұдан бөлек, үш арнайы номинация бар. Үздік бизнес-жоба, туристік саланың және қолөнердің дамуына үлес қосқандар да марапатталады. Осылайша бұл байқау бизнесмендерді ынталандырып, ішкі туризмнің дамуы һәм қызмет көрсету сапасының артуына қарқын бермек. Жыл сайын көшпелі һәм ішкі туризм дамып келе жатқанын айтып кету керек. Қазіргі қарқыны жаман емес.

Хабар 24 телеарнасы