424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбылда заңсыз қызмет етіп жүрген Өзбекстан азаматтары елден шығарылмақ

  • 632
  • UPD: 09:22, 20.11.2019
Жамбылда заңсыз қызмет етіп жүрген Өзбекстан азаматтары елден шығарылмақ

Жамбыл облысында заңсыз еңбек етіп жүрген төрт Өзбекстан азаматтары елден шығарылмақ. Бұл заңбұзушылық «Кашара» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Аталған жедел профилактикалық іс-шарасы Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау үшін Жамбыл облысының аумағында ұйымдастырылды. Оған Жамбыл облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің жеке құрамы қатысуда. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданы Тегістік ауылында фазенданы тексеру барысында заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке рота қызметкерлері заңсыз еңбек қызметімен айналысатын Өзбекстан Республикасының төрт азаматын анықтады. Қазіргі таңда шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларды ҚР шегінен шығарып жіберу мәселесі шешілуде», - делінген ведомство хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы