432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік ЖЭС көмір күлін залалсыз жоюды қолға алды

  • 608
  • UPD: 10:20, 20.11.2019
Өскемендік ЖЭС көмір күлін залалсыз жоюды қолға алды

Өскемендегі жылу электр станциясы көмір қалдығын арнайы қазылған шұңқырға жинақтайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолданылған қатты отынның күлімен одан шыққан шаңның ортаға залалы тимеуі үшін осындай амал жасалмақ. Биыл қалдыққа арналған шұңқырдың ауқымы 1,5 миллион текше метрге кеңейтілді. Дамба биіктетіліп, қойма түбі бекітілді. Бұл шаруа үшін 915 миллион теңге жұмсалыпты. Экологтардың айтуынша, аталған жоба ерекшелігі сол, ол техникалық сұйықтықтың жер асты суына қосылуына жол бермейді. Қойма 5 жылда толтырылып, соңынан ол жердің құнарлылығы қалыпқа келтірілмек.

Ирина Стрельцова, жылу электр орталығының эколог маманы

Күлдің осындай карьерде сақталуы бір жағынан сол жерді техникалық қалыпқа келтіру болып есептеледі. Осыдан соң биологиялық қайта қалыпқа келтіру шаралары басталатын болады. Яғни, жердің құнарлылығын қайтарып, көшет отырғызып көгалдандырамыз.

Хабар 24 телеарнасы