419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада зейнетақы жүйесін реформалау мәселесі талқыланып жатыр

  • 670
  • UPD: 11:44, 20.11.2019

Елордада Стратегиялық бастамалар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында ел экономикасы мен банк секторын дамыту, зейнетақы жүйесін жетілдіру сияқты мәселелер талқыланады. Сондай-ақ мамандар ел болашағына қатысты 10 болжам айтады.

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

Бүгінгі форумда негізінен өзіңіз тізіп шыққан мәселелер талқыланады. Ал олардың ішіндегі ең өзектісі қоғамдағы көптеген пікірталасқа, көптеген дауға негіз болған зейнетақы жүйесі. Бүгінгі жиынға қатысушылар Қазақстанның зейнетақы жүйесін Сингапурдың үлгісі бойынша жаңғыртуды ұсынып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл модель біз үшін ең тиімділерінің бірі көрінеді. Мәселен, еліміздің жалпы ішкі өнімге қатысты бюджеті шамамен 16%-тің шамасында. «Бұл Сингапурдың», - дейді сарапшылар. Сондай-ақ жаңа үлгі еңбекақы төлеу қорына салынатын салықты азайтуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы